| 2009-01-23 |
|
23 қаңтарда университетте халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының облыстық конференциясы болып өтті. Оған халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті, академик Өмірзақ Айтпайұлы, М.Әуезов атындағы Әдебиет институтының директоры, академик Сейіт Қасқабасов, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті Ғарифолла Әнес, ........ |
| Пресс-центр |
|
|
| 2009-01-10 |
|
10-21 қаңтар аралығында университеттің профессор-оқытушылары арасында «Ректор кубогы» спартакиадасы болып өтті. Оған 250 оқытушы қатысты. Жарыс волейбол, үстел теннисі, шахмат, кір тасын көтеру, сияқты спорт түрлерінен ұйымдастырылды. Он күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша Педагогика, психология және өнер факультеті 1 орын, жаратылыстану факультеті 2 орын, Жалпыуниверситеттік кафедралар командасы 3 орны алды.
|
| Пресс-центр |
|
|
| 2008-12-26 |
|
26 желтоқсанда (сағат 10-00) Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің 136 аудиториясында «Қазақстанның егемендігі және мемлекеттік-құқықтық проблемалары» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция жұмысы басталады. ( тема конференции: Независимость Казахстана и государственно-правовые проблемы)
1)17 қарашадан бастап Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде Қазақстан студенттері альянсы, Жастар комитеті және университеттің тәрбие жұмыстары бөлімінің ұйымдастыруымен «Тұрмысың қалай, студент?» (Как живешь, студент) атты акция басталды. Акцияның мақсаты – студенттердің тұрмыс жағдайымен танысу, студенттік проблемаларды анықтау, оны шешу және студенттік жатақханадағы тұрмыс жағдайын жетілдіру жолдарын қарау. Акцияның алғашқы күндерінде студенттер арасында сауалнама жүргізілді. |
| Пресс-центр |
|
|
| 2008-12-25 |
|
25 желтоқсанда (сағат 10-00 акт залы) Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Венера Абыханқызы Жексембековамен және министрліктің Тәрбие және жастар саясаты жөніндегі департаменттің жауапты қызметкерлерімен кездесу өтеді.
|
| Пресс-центр |
|
|
| 2008-12-24 |
|
24 желтоқсанда (сағат10-00) Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде «Нарықтық экономика жағдайында Солтүстік–батыс Каспий өңірінің табиғат ресурстарын экологиялық және экономикалық бағалау» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция басталады. Конференция жұмысына Қалмақ мемлекеттік университетінің профессоры Натыров Аркадий Канурович, Астрахань мемлекеттік университетінің профессоры, экономика ғылымдарының докторы Марат Фатыкович Болатов, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университетінің профессоры Бораш Смайылұлы Мырзалиев, Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры Алтай Тайжанұлы Тайжанов және еліміздің жоғары және орта кәсіптік оқу орындарының оқытушылары, студенттер қатысады. ( тема конференции: Эколого-экономическая оценка природных ресурсов северо-западного Прикаспия
в условиях рыночной экономики
|
| Пресс-центр |
|
| 2008-12-23 |
|
23 желтоқсанда (сағат 15-00) Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің акт залында халық композиторы Қайып Қорабайұлының туғанына 150 жыл толуына арналған әдеби-музыкалық кеш өтеді. Кешті белгілі өнертанушы ғалым, университет профессоры Ілия Жақанов жүргізеді. Кешке Атырау қаласынан және облыс аудандарынан Қайып Қорабайұлының шығармаларын орындап жүрген танымал жыршы-әншілер (Елемес Мағазов, Нұрлан жырау т. б.) қатысатын болады. |
| Пресс-центр |
|
|
| 2008-12-10 |
|
10-12 желтоқсанда университет студенттері Н.Губашев пен А.Ермекова Орал қаласында өткен «Қазақстандық патриотизмті қалыптастырудағы студент жастардың ролі» атты ғылымиконференция жұмысына қатысты. |
| Пресс-центр |
|
|
| 2008-12-06 |
|
6 желтоқсанда жаратылыстану факультетінде «Энергияны үнемдей – қоршаған ортаны қорғау» тақырыбында кураторлық сағат өтті. |
| Пресс-центр |
|
|
| 2008-12-05 |
|
5 желтоқсанда гуманитарлық факультетте «географтар күні» мерекесіне арналған пәндік олимпиада өтті.
|
| Пресс-центр |
|
|
| 2008-12-04 |
|
4 желтоқсан Академик Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің 10 жылдығына арналған Қостанай қаласында өткен «Қазақ күресінен» ерлер арасындағы Республикалық ашық турнирде 60 кг салмақ дәрежесі бойынша Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті жаратылыстану факультетінің студенті Ыстыбаев Нұрболат 3 орынды жеңіп алды.
|
| Пресс-центр |
|
|
| 2008-12-04 |
|
3 желтоқсанда Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті экономика, қаржы және басқару факультетінің ұйымдастыруымен «Қазақстанның болашағы – тәрбиелі, иманды жастар» атты тәрбиелік шара өтті. Оған Атырау облыстық және қалалық құқық қорғау органдарының қызметкерлері, Атырау қаласындағы «Иманғали» мешітінің өкілі қатысты. Шараның мақсаты жастар арасында құқықтық заң бұзушылықтардың алдын алу, жастардың діни сауаттылығы, теріс діни ағымдардан сақ болуын түсіндіру болып табылады.
|
| Пресс-центр |
|
|
 |
Система кредитов |
|
|
Құттықтаулар!
Құрметті
ардақты аналар, аяулы арулар!
Сіздерді
көктемнің шырайлы мерекесі – 8 наурызбен шын жүректен құттықтаймын!
Табиғаттың жаңарып, жасаруымен келетін бұл мерекенің
орны әрқашан бөлек. Көктемді табиғат мейрамы десек, Сіздер
адамзаттың ең бір нәзік те сұлу шыңысыздар.
Университеттің заман талабына сай дамуында, бүгінгі жетістіктерінде
Сіздердің үлестеріңіз зор. Еліміздің қоғамдық-саяси, ғылыми, мәдени
өмірінде де өздеріңіздің орындарыңыз ерекше.
Осынау мереке
қарсаңында баршаңызды құттықтай отырып, Сіздерге жемісті еңбек, озат
оқу, бақытты өмір тілеймін
Ізгі тілекпен,
Ректор А.Қазмағамбетов |
Фотогаллерея
 |