|
Құттықтау!
ҚАДІРЛІ ОҚЫТУШЫ–ПРОФЕССОРЛАР!
ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТ – ЖАСТАР!
Бәріңізді
шаңырағымыздың төріне озғалы отырған Жаңа – 2012 жылмен шын жүректен
құттықтаймын!
Өткен жылдың еншісінде қалмақшы
2011 жыл еліміз үшін де, университет үшін де мерейімізді көтерген
белесті жыл болды. Осы жылы еліміздің Тәуелсіздігінің 20 жылдығын
асқақтата атап өттік. Университет оқытушы-профессорлары мен студенттері
де білім беру жүйесіндегі өзгерістерге ғылыми-шығармашылық тұрғыдан
қарап, жоғары жауапкершіліктің үлгісін көрсете білді.
Университетіміздің өнерлі
өрендері ғылым, мәдениет, спорт додаларында жарқын жетістіктерге қол
жеткізді.
Ел ертеңі, ұлт болашағы білімді
ұрпаққа тәуелді. Осындай парасатты еңбектеріңіз абырой биігінен көріне
берсін.
«Сәттілікпен табыс ғұмыр сыйласын,
Тілектерді періштелер қолдасын.
Көңілдерің қуаныштан арылмай,-
Бақытты өмір Жаңа жылда орнасын»,
-
деп ақындарымыз жырлағандай, Жаңа
жылда дендеріңізге саулық, көңілдеріңізге шаттық, жанұяларыңызға береке,
ынтымақ тілеймін.
Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
Ізгі көңілден,
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау
мемлекеттік
университеті ректорының міндетін
атқарушы,
профессор Б.Ә.САЙЛЫБАЕВ
Жаңалықтар
| 2012-02-03 |
|
СПАРТАКИАДА ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Жайық» жастар мәдени-спорт кешенінде Ректор кубогі үшін Салауатты өмір салты – девизімен өтілген 60-шы спартакиада өз мәжесіне жетті. Бұл ойынның бірден-бір ерекшелігі-ойыншылар құрамы ұстаздардан іріктелген. Өздерінің қаламы мен кітабын сәл болса да ысырып қойып, Спорт атты сұлулық пен салауат сарайында керемет ойын көрсеткен ұстаздарын студент-жастар да жанкүйер ретінде қолпаштады... |
| Пресс-орталығы |
Толық оқу >> |
| 2012-02-03 |
|
БІЛІКТІ МАМАН ДАЯРЛАУДЫҢ НАҚТЫ БАҒДАРЫ
Білім сапасын көтеріп, мұғалім беделін арттыру, жалақыларын еселей түсу Елбасының жыл сайынғы жолдауларында үнемі айтылып келеді. Бұл салада атқарылған шаруалар да жетерлік. Ел Президентінің пайымды, сындарлы саясатының арқасында білім қызметкерлерінің кешегіден бүгіні көш ілгері. Ал, Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауында білім беру саласына жаңа ауқымды міндеттер жүктелді. Ең алдымен... |
| Пресс-орталығы |
Толық оқу >> |
| 2012-02-03 |
|
ЕҢ БАСТЫ МІНДЕТ
Жыл сайынғы Жолдауларында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елдің саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени тірлігінің негізгі бағыттарын айқындап келеді. Сан-саланы қамтыған Жолдаудың негізінде бағыт-бағдарымыз анықталып, жақсы нәтижелерге қол жеткізілуде. Елбасы саясатының дұрыстығын халқымыз мемлекетіміздегі өркенді өзгерістер арқылы көріп отыр. Халықтың әлеуметтік жағдайы жылма-жыл жақсара түскені осының айқын дәлелі десек, бұл жолғы Жолодауында Президент еліміздің экономикасы 7,2%-ға өскенін, дегенмен
... |
| Пресс-орталығы |
Толық оқу >> |
| 2012-02-03 |
|
ҰСТАЗДАР ҰЙЫП ТЫҢДАДЫ
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты халыққа Жолдауын, еліміздің түкпір-түкпіріндегідей, атыраулықтар да зор қолдау үстінде қарсы алды. Кеше таңертең ірі кәсіпорындар мен мекемелерде, оқу орындарында арнайы ұжымдық тыңдаулар ұйымдастырылса, түстен кейін-ақ Жолдауда сараланып көрсетілген көкейкесті мәселелерге байланысты
... |
| Пресс-орталығы |
Толық оқу >> |
| 2012-02-03 |
САБЫРЛЫЛЫҚ САН СОҚТЫРМАЙДЫ
Қазақ – ешкімді жау көрмеген, ыстық ықыласы мен бауырмалдығы ерекше халық. Біздің қонақжай құшағымызда қаншама халықтардың пана тапқанын бүкіл әлем біледі. 130-дан астам ұлт пен ұлыстардың басын қосқан елімізде тыныштық пен бірліктің, татулық пен тұрақтылықтың сақталғаны – біз үшін үлкен қуаныш.
Егемен еліміз тәуелсіздік алған 20 жыл ішінде қаншама табыстарға жеткенін әлем мойындап отыр. Осы жылдарда еліміз экономикалық-әлеуметтік дамуымен өркениетті елдерді таңғалдырды. Бұрынғы Кеңес Одағы елдерінің ішінде бірінші болып нарықтық қатынастарға көшкен және өз экономикалық даму бағыттарын
... |
| Пресс-орталығы |
Толық оқу >> |
| 2012-01-26 |
|
Оқу жылының І – семестрін сәтті қорытындылаған күндізгі бөлімнің студенттері қысқы каникулда болғанымен, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіндегі «қызу тірлік» бір сәтке толастаған жоқ. Бір топ оқытушы-профессорлар шаршы алаңның шаңын шығарып, доп додасын қыздырып жүрсе (оқытушы-профессорлар арасындағы дәстүрлі Спартакиада – «Ректор кубогы»), ал енді бір топ оқытушы-профессорлар оқу-әдістемелік жұмыстағы инновациялық үдерістерді зерделеумен шұғылдануда.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде 2012 жылдың 16-18 қаңтары аралығында «Интерактивтік технологияны оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану әдістемесі» бойынша «Білім берудегі инновациялық технологиялар» атты 3 күндік семинар-тренинг болып өтті.
Семинарды арнайы Астана қаласынан келген «Interactiv Kazakstan» ЖШС компаниясының тренинг-менеджері Лаура Аканова жүргізді. Аталған семинарға 40-тан астам |
| Пресс-орталығы |
Толық оқу >> |
| 2012-01-28 |
|
2012 жылдың 17 қаңтарында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ұстаздары мен қызметкерлері университеттің «Жайық» мәдени-спорт кешенінде Ректор кубогының 60-шы спартакиадасын бастады. Факультеттермен жалпы университеттік кафедралардың құрама командаларын университет ректоры м.а., педагогика ғылымдарының докторы, профессор Б.Ә.Сайлыбаев құттықтап, жарысқа сәттілік тіледі.
Алғашқы ойын волейболдан университет әкімшілігі мен физика-математика факультеті арасында қызу өтті. Спартакиада спорттық ойындардың кіші аяқ добы, волейбол, шахмат, арқан тарту, үстел теннисі түрлерінен өтеді. Спартакиада 28 қаңтарға дейін созылады.
|
| Пресс-орталығы |
Толық оқу >> |
| 2012-01-14 |
|
Университететтің профессор-оқытушылар мен қызметкерлерін университет ректорының міндетін атқарушы профессор Б.Ә.Сайлыбаев құттықтап, халық әндерін өзінің тамаша баритон даусымен сыйға тартты. Әр факультет ұжымы факультет декандарының басшылығымен тамаша өнерлерін көрсетті. Тарих-филология факультетінің ұстаздары Грузин биімен шықса, заң факультетінің ұстаздары Цыган таборының биін, ал Педагогика және өнер факультетінің ұжымы үнді халқының биін ұлттық костюмдерімен өте тамаша орындап берді. Гран-при педагогика және өнер факультеті ұжымына берілді. |
| Пресс-орталығы |
Толық оқу >> |
| 2012-01-14 |
|
Жаңа жыл Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде ерекше жағдайда қарсы алынды. Университеттің «Жайық» спорт кешенінде орнатылған Жаңа жылдық шырша айналасына жиналған студент-жастар өз өнерлерін ортаға салды. Аяз ата мен Ақшақар келе жатқан Ұлу жылымен барша жастарды құттықтады. «Жұлдызды сәт» пародиялық қойылымдар, сәндік киім үлгілері, өнер сайысы өте қызықты да тартымды өтті. |
| Пресс-орталығы |
Толық оқу >> |
| 2012-01-14 |
|
Республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылдың 11 қаңтарындағы санына газеттің меншікті тілшісі Жолдасбек Шөпеғұлдың «Жас әншілер табысы» деген тақырыппен мақаласы жарияланды. Онда Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің өнерпаз студенттері, жастар көшбасшысы Аслан Ертілеуов пен Ақтоты Асқардың Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен «Многоголосие народов мира» деп аталатын халықаралық конкурсқа қатысып, бас жүлдеге ие болып, жеңіспен оралғаны, енді қос талант Мәскеуде өтетін суперфиналға қатынасатыны туралы қуанышты хабар айтылған. |
| Пресс-орталығы |
Толық оқу >> |
| 2012-01-14 |
|
Атырау университеті ұстазы үздіктер қатарынан табылды
«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы-2011» атты республикалық байқаудың қорытындысы бойынша Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің оқытушысы, профессор София Сағындықова ең үздік мұғалім атанды.
Жалпы, әр облыстан байқауға қатысуға 600-ден астам ұстаз тілек білдірген.
Министр Бақытжан Жұмағұлов төрағалық еткен республикалық байқау комиссиясының шешімімен еліміздің жоғары оқу орындарының 200 оқытушысы үздік деп танылып, мемлекеттік грантқа ұсынылып отыр.
|
| Пресс-орталығы |
Толық оқу >> |
| 2012-01-09 |
|
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесіне арналған спартакиада ұйымдастырылды. Спартакиада волейбол, үстел теннисі, шахмат, кіші аяқ добы, тоғызқұмалақ, баскетбол секілді спорт түрінен өткізіліп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
Жеңімпаздарды университет ректорының м.а. п.ғ.д., профессор Б.Ә.Сайлыбаев құттықтап, кубоктармен, алғыс хаттармен марапаттады.
|
| Пресс-орталығы |
Толық оқу >> |
| 2012-01-09 |
|
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіне қараша айының соңында ҚР Білім және Ғылым министрлігінің қайта аттестаттау қорытындысы бойынша оған дейін білім беру қызметі тоқтатылған дене шынықтыру және спорт, дәстүрлік музыкалық өнер, дизайн, психология, журналистика, математика, агрономия, туризм, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру мамандықтарында кәсіби мамандар даярлауға рұқсат берілді. |
| Пресс-орталығы |
Толық оқу >> |
| 2011-12-05 |
|
5 желтоқсан – Ғылым күні аясында қазақ журналистикасының атасы, белгілі ғалым, ұстаз, профессор Тауман Амандосовтың өмірі мен журналистік жолын бейнелейтін университеттің оқу-телерадио орталығы дайындаған хабар жүргізілді. Телебағдарламаға белгілі журналист, Тауман Амандосовтың шәкірті, ардагер-ұстаз, доцент Т.Жауырұлы қатысып, естеліктерін айтты. Соңынан журналистика мамандығының ІІ курс студенттері даярлаған бейнефильм көрсетілді. |
| Пресс-орталығы |
Толық оқу >> |
| 2011-12-03 |
|
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің үлкен оқу залында академик З.Қабдол атындағы ғылыми-зерттеу орталығы мен университеттің ғылыми кітапханасы ұйымдастырған «Зейнолла Қабдол оқулары» атты әдеби кеш өткізілді.
Академик З.Қабдол оқулары жылма-жыл дәстүрлі түрде ғалым-жазушының туған күні қарсаңында өткізіліп отырады. Тәрбиелік-тағылымы мол шараны университеттің тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры А.Қ.Ахмет ашып, бүгінгі таңда ф.ғ.д., профессор Қ.Жүсіп басқарып отырған З.Қабдол атындағы ғылыми-зерттеу орталығының атқарып отырған жұмыстарын ерекше атап өтті. Бағдарлама аясында Қ.Жүсіп, Г.С.Жұмабаева, Б.С.Қайыржанова, Б.Қарашин баяндамалар жасап, ұстаз, ғалым, жазушының өмірі туралы естеліктер айтылды. Студенттер ұлы ұстазға арналған өлеңдерін оқыды.
|
| Пресс-орталығы |
Толық оқу >> |
| 2011-11-30 |
|
УНИВЕРСИТЕТ МАМАНДЫҚТАРЫН ҚАЙТАРЫП АЛДЫ
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік
университетінің 500-ден астам
оқытушы-профессорлары мен 8 мыңға жуық студенттері
үстіміздегі жылдың қараша айының соңында Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлігінен келген
ресми ақжолтай ақпарат хатпен танысып, асқан қуаныш
сезіміне бөленді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау
комитетінің 2011 жылғы 10-қазандағы №961 бұйрығымен
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік
университетінде 2011 жылдың 28-31 қазаны аралығында
сәуір айында өткен мемлекеттік аттестаттау барысында
анықталған кемшіліктердің жойылуын тексеру мақсатында
комиссия жұмыс жасаған болатын.болатын.
Университет ұжымының мемлекеттік аттестаттау
кезінде анықталған кемшіліктерді жою мақсатында зор
шығармашылықпен жұмыс жасағанын атап көрсете келіп,
білім беру қызметі тоқтатылған төмендегі: дене шынықтыру
және спорт, дәстүрлі музыкалық өнер, дизайн, психология,
журналистика, математика, агрономия, мал шаруашылығы
өнімдерін өндіру (зоотехния), туризм мамандықтарын
аттестаттаудан өткізді. Аттестаттау қорытындысы бойынша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
2011 жылғы 9-қарашадағы №1049 бұйрығымен жоғарыда
аталған мамандықтардың барлығына кәсіби маман дайындау
туралы лицензиялық қызметіне рұқсат берді.
Қазіргі кезеңде басқа мамандықтарда оқып
жүрген 1 курс студенттерінің білім беру қызметіне рұқсат
берілген мамандықтарға 2011-2012 оқу жылының 2-ші
семестрінен бастап ауысуына мүмкіндіктері бар екендігін
қаперге береміз.
Осылайша, алпыс жылдан астам тарихы бар
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік
университетінің педагогикалық ұжымы Қазақстанның білім
беру кеңістігінде және бәсекеге қабілетті мамандар
дайындауда өзіндік орны бар іргелі жоғары оқу орны
екендігін толықтай дәлелдеп шықты.
Айдар САБЫРОВ
баспасөз хатшысы
|
| Пресс-орталығы |
Толық оқу >> |
| 2011-11-30 |
|
Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті ректорының міндетін атқарушы, п.ғ.д., профессор Бақытжан Әбдіхалықұлы Сайлыбаевтың «Тәуелсіз елдің дамуының басты негізі» деген көлемді мақаласы «Ғылым» күні аясында облыстық «Атырау» газетінің 6 желтоқсан күнгі санында жарияланды.
Өркениетті елдердің қатарына қосылып, жас ұрпақты білімді де білікті етіп тәрбиелеу жолында елімізде атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқтала отырып, «Қазақстанда білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» ғылым мен білім беру жүйесін одан әрі жетілдіріп, оқу сапасын арттыруға, азаматтарымыздың келер күнге сенімін бекітіп, осы саланың әлемдік білім кеңістігінен өз орнын алуға мүмкіндік беріліп отыр деп тұжырымдайды автор.
|
| Пресс-орталығы |
Толық оқу >> |
| 2011-11-30 |
|
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай көптеген мәдени-көпшілік шаралар, тағылымдық мәні үлкен кездесулер, апталықтар өтіп, әсіресе, студент-жастар белсенділік танытуда.
Факультет аралық өнер сайыстары, теледебаттар, түрлі тақырыптық дебаттар, акциялар өз деңгейінде өткізіліп отыр.
«Я выбираю жизнь», «Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы», «Тәуелсіздікке 20 жыл!
Бүгініміз баянды, болашағамыз нұрлы» атты мәдени шаралар, «Тәуелсіздік толғауы» атты
интеллектуальдық сайыс, «Бейбітшілік пен жасампаздыққа 20 жыл», «Бірлігіміз жарасқан 20 жыл – тек ғана алға» - 20 этапты эстафета, «Алтын теңге» атты интеллектуальдық-танымдық тәрбие сағаты, «Ардагерлер жастар туралы» - оқу телестудияда дөңгелек үстел, «Тәуелсіздік құрдастары сөйлейді» - университеттің
радиосынан хабар, Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған «Жас қалам» радиобағдарламасы, «Болашақтың бастауы - Жастар» атты семинар тренингтер өткізілді.
|
| Пресс-орталығы |
Толық оқу >> |
| 2011-11-30 |
|
Әлем тілдері факультетінде 30 қараша күні «Шетел тілін оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы Г.А.Туленова 102-2 орыс тобының студенттерімен бірге «Мы против Спида» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.Бұл шара 1-желтоқсан Бүкіләлемдік ЖИТСпен күрес күніне арнайы ұйымдастырылды. Топ студенттері ЖИТС алдын алуда білім деңгейлерін анықтау мақсатында студенттерге сауалнама өткізіп, сараптама жүргізді.Студенттер ЖИТС алдын алу, болдырмау мақсатында мақалалар оқып, видео-фильмдер көрсеттіп, қойылымдар қойды. Бұл шара 1 желтоқсан күні заң факультетінде де өтілді. |
| Пресс-орталығы |
Толық оқу >> |
| 2011-11-30 |
|
АЛТЫ АЛАШТЫҢ АЙБАРЫ
Ел
тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай республикалық
деңгейде өткізілген «Менің әнұраным» атты
флэш-мобқа Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік
университетінің студент жастары мен оқытушылары белсенділікпен
қатысты.
ҚР
Мемлекеттік Әнұраны салтанатты түрде орындалды.
Ел
тәуелсіздігінің жиырма жылдығын бар сән-салтанатымен
атап өту шеңберінде жастар саясаты саласындағы маңызды
іс-шаралардың желілік кестесі бекітілген болатын. Осы кестеге
сәйкес мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру,
патриотизмді қалыптастыру және дамыту мақсатында
республикалық деңгейде «Менің Әнұраным» атты
флэш-моб басталды.
Аталған
шара аясында «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны
салтанатты түрде орындалды. Шара барысында университеттің
тәрбие ісі жөніндегі проректоры Аққали Ахметов
«Тәуелсіздіктің 20 жылдығы – еліміздегі маңызды тарихи
оқиғалардың бірі. Мерекені жоғары деңгейде атап
өту-ел арасында отансүйгіштікті, қазақстандық
патриотизмді қалыптастыру, жастар арасында рухани
құндылықтарды кеңінен насихаттау, әнұранға
деген құрметті дамыту болып табылады. Мемлекеттік рәміздер –
біздің мақтанышымыз. Әнұран бізді
отансүйгіштікке, патриоттылыққа тәрбиелейді» деді. Флэш-моб
соңында тәуелсіздік құрдастары егемендік логотипі бар
шарларды аспанға ұшырып, іс-шараны аяқтады.
|
| Пресс-орталығы |
Толық оқу >> |
| 2011-11-25 |
|
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу аясында арналған ауқымды ғылыми іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бұл шаралар Тәуелсіз қазақ елінің аталған мерзім ішіндегі саяси, экономикалық, әлеуметтік салалардағы ғажайып табыстарын саралап, жеткен асуларды әлемге танытатын, Қазақстанның болашақтағы даму мүмкіндіктерінің жаңа жолдарын айқындауға арналуда.
Осы орайда, студенттердің «Инновациялық Қазақстан» жобасы аясында 21 қарашада «Жаңа және озық технологиялар» атты студенттік инновациялық жобалар байқауы мен «Адамзаттың рухани құндылықтары: өткені, бүгіні, болашағы» (ғылым, наным, мәдениет) тақырыбында магистранттар мен студенттердің ғылыми-теориялық, тарихи-танымдық конференциясы болып өтті.
Конференцияда мәдениеттер әлеміндегі рухани құндылықтардың рөлін анықтайтын, Қазақстан территориясындағы
... |
| Пресс-орталығы |
Толық оқу >> |
| 2011-11-18 |
|
18 қарашада университеттің байырғы ұстаздарының бірі химия ғылымдарының кандидаты, профессор ардагер Роза Қаражігітованың 70 жылдығына арналған ғылыми кеңес мәжілісі болып, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті ректорының м.а. п.ғ.д., профессор Б.Ә.Сайлыбаев университет ректораты мен ұжым атынан құттықтау хатын тапсырып, Роза Қоңырбайқызының иығына ұлттық өрнекте тігілген камзол жапты. Сонымен қатар мерейгерді туған күнімен әріптестері, шәкірттері шын жүректен құттықтады. |
| Пресс-орталығы |
Толық оқу >> |
| 2011-11-17 |
|
Қараша айының 18 мен 7 желтоқсан аралығында ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған университеттің студенттері арасында факультет аралық спартакиада өтуде. Спартакиада университеттің спорт комплексінде салтанатты түрде ашылды. 19 қараша күні ұлағатты ұстаз, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт ардагері Шамбилов Қожахмет Жұсіпұлын еске алуға арналған шахматтан облыстық жекелей ашық біріншілігі өтті. Спартакиада ұлттық ойын Тоғызқұмалақ, үстел теннисі, волейбол, кіші аяқ добы, баскетбол түрлері көп өтеді деп жоспарлануда. |
| Пресс-орталығы |
Толық оқу >> |
| 2011-11-16 |
|
Физика-математика факультетінің ұйымдастыруымен өткен «Бейбітшілік пен жасампаздыққа 20 жыл» атты танымдық-интеллектуалдық тәрбие сағаты мен «Біз – Тәуелсіз ел болашағымыз» тақырыбында мерекелік шара тартымды да мазмұнды тәрбиелік шараның бірі болды.
|
| Пресс-орталығы |
Толық оқу >> |
| 2011-11-15 |
|
15 қарашада Психология кафедрасының ұйымдастыруымен «Дінге сауаттылық қажет» тақырыбында дөңгелек стол өткізілсе, 17 қараша - жастар күніне орай тарих-филология факультеті «Жастар шақырады» атты ән мен әзіл кешін ұйымдастырды. |
| Пресс-орталығы |
Толық оқу >> |
| 2011-11-08 |
|
8-12 қараша аралығында Әлем тілдері факультетінде «Елімнің еркіндігі – тәуелсіздік» атты үлкен мәдени-көпшілік шара ұйымдастырылды. Апталық барысында концерттік бағдарлама «Қазақстан-2011: жетістіктері мен ертеңге сараптама» атты студенттердің ғылыми-практикалық конференциясы, ағылшын тілінен пәндік олимпиада, «Тәуелсіздік құрдастары» атты дөңгелек үстел өткізілді. |
| Пресс-орталығы |
Толық оқу >> |
| 2011-11-07 |
|
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі қарсаңында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде тағлымы мол тәрбиелік шаралар өз жалғасын табуда. |
| Пресс-орталығы |
Толық оқу >> |
| 2011-10-22 |
|
Мәңгілік ғұмыр – Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің конференц залында белгілі қоғам қайраткері, ұстаз, техника ғылымдарының кандидаты, ғалым Хакім Ахмеджанұлы Ахмеджановтың 90 жылдығына арналған еске алу кеші өтті.
Атырау өңірінің перзенті өзінің еңбек жолын мектеп мұғалім болып бастап, 1951-1958 жылдары Гурьев (Атырау) мемлекеттік мұғалімдер институтында кафедра меңгерушісі, 1960-1967 жылдары Гурьев қаласындағы химия және мұнай зерттеу институтында...
|
| Пресс-орталығы |
Толық оқу >> |
| 2011-10-13 |
|
2011 жылдың 13-14 қазанында «Болашақ-жастар үшін» - Х.Досмұхамдов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде осы тақырыпта батыс аймақтық инновациялық семинар болып өтті. Екі күндік семинарға Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарынан келген жастар қатысып, аймақтық ерекшелігіне қарай түрлі саланың даму ерекшелігіне болжам жасады.
«Формсайт зерттеу», «Инновациялық жобаларды ұсыну», «Стартаптың потенциалын бағалау», «Интеллектуалдық шеберхана», «Қисынды ойлау» деген бөлімдерде өз пікірлерін ортаға салды.
|
| Пресс-орталығы |
Толық оқу >> |
| 2011-10-12 |
|
12 қазанда Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Экономика және басқару факультетінің ұйымдастыруымен Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Ұрпаққа айтар асыл сөз» деген тақырыпта қаланың құрметті азаматтары, ел ағалары: Айбаров Айдын Аққалиұлы Ұлы Отан соғысының ардагері, Атырау қаласының құрметті азаматы; Балғынбаев Өтәлі, Қарабаев Салим, Түсіпқалиев Әлібек - Ұлы Отан соғысының ардагерлері. Бекеш Әліпқали Шамжанұлы - қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Қаналин Сүлеймен - еңбек ардагері, Қуанышқалиев Қилыбай – журналист, еңбек ардагерлерімен кездесу өткізілді. Аға ұрпақ өкілдерінің естеліктері, Атыраудың 20 жыл ішіндегі келбеті, жетістіктері жайлы сөз қозғалды. |
| Пресс-орталығы |
Толық оқу >> |
| 2011-10-10 |
|
Атырау өңірінің төл перзенті, үлкен ғалым, ұстаз Хакім Ахметжанұлының туғанына 80 жыл толуына орай университетте ғалымды еске алуға арналған салтанатты жиынға дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Ғалымның туған елі үшін жасаған еңбегі-өлшеусіз. 1951-58 жылдары бұрынғы Гурьев (Атырау) мемлекеттік мұғалімдер институтында оқытушы, физика-математика кафедрасының меңгерушісі болып, жергілікті педагог мамандар даярлауда үлкен еңбек сіңірді. Азаматтықтың ақ туын асқақтатқан ардақты ұстаз бола білген Хакім аға ұрпақтары университет ұжымымен тығыз байланыс жасап, игі бастамаға себепкер болып отыр. Ұрпақтар сабақтастығы жалғаса бермек. |
| Пресс-орталығы |
Толық оқу >> |
| 2011-10-09 |
|
Жүректерге жол тапқан Елбасы Жолдауы – тақырыбында еліміздің Мәдениет министрі Мұқтар Құл-Мұхаммед бастаған республикалық ақпараттық-насихаттық топ облыс жұртшылығымен, жастармен кездесу өткізді. Мақсат-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың – «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан Халқына Жолдауын жұртшылық арасында кеңінен насихаттау.
Аталған мәжілісте Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің жастары да өз ойларын ортаға салды. Оқу орнының ІІ курс студенті Усила Арманқызы елімізде жастардың білім алуына жасалып отырған жан-жақты қолдауды ерекше атай отырып, «ХХІ ғасыр-білімді, талантты, әлемнің, елдің және отбасының тағдыры үшін жауапкершілікті мойына ала білетін жастардың дәуірі. Қазақстанды дамыған елдер қатарына қосу міндетінен жастар да шет қалмайды деп сендіремін»,-деді.
Гуманитарлық факультеттің ІІ курс студенті Полина Командикова өз ойын таза қазақ тілінде өрбітті. Елбасының жастарға артып отырған сенімін жүрек жарды сөзімен айшықтады.
|
| Пресс-орталығы |
Толық оқу >> |
| 2011-10-08 |
|
8 қазан күні туған өлкеміз – Атырау қаласының күні аталып өтті. «Арманы асқақ Атырау» деген атпен өткен бұл мерекелік шараға Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студент жастары да өз өнерлерімен белсенділік танытты. Жайық жағалауында жеңіл атлетикадан өткен жарыста ұлдар арасында дене шынықтыру және спорт мамандығының студенттері: І орынды Ерсұлтан Дәулетқалиев, ІІ орынды Ақтан Нармағамбетов иеленді. Қыздар арасында І орынды заң факультетінің студенті Альбина Сүндетқалиева, ІІ орынды бастапқы әскери дайындық мамандығының студенті Назира Каберова, ІІІ орынды Нұрлы Сұпығалиева иемденіп, жеңімпаз атанды. |
| Пресс-орталығы |
Толық оқу >> |
| 2011-10-01 |
|
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің физика-математика және ақпараттық технологиялар факультетінің ақпараттық жүйелер және есептеуіш техникасы кафедрасының доценті А.Хаметов пен п.ғ.к., доцент С.Идрисовтың «AutoCAD 2008. Жұмыс бастау» оқу құралы Алматыдағы «Полиграф-сервис К» баспасынан жарық көрді.
Оқулықтың тағы бір үлкен құндылығы – ана тілімізде жазылғандығы. Оның сызбалар әлеміне бас қойған студенттер үшін қолдан түспес дүниеге айналарына дау жоқ.
/
Қылышбай С./
|
| Пресс-орталығы |
Толық оқу >> |
| 2011-09-22 |
|
«Тілі
басқа, тілегі бір»

Осындай
атаумен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік
университетінің ұйымдастыруымен 22-ші қыркүйек
Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған
мерекелік шара өтті.
Алғашқы құттықтау сөз кезегін алған университеттің
тәрбие ісі жөніндегі проректоры тарих ғылымдарының
докторы Аққали Ахмет Қабижанұлы жиналған қауымды
тіл мерекесімен құттықтап, жүрекжарды лебізін
білдірді.
Мерекелік шара барысы университет студенттерінің
дайындаған музыкалық нөмірлерімен жалғасын тапты. Әр
факультеттен өнерін тайсалмай ортаға паш еткен
студенттеріміз: орыс, кәріс, неміс, түрік, қытай
тіліндегі әндерін әуелетіп өз нақышында орындаса, «Сәуле»
би ансамблі әр ұлттың биін мың бұралып билеп
ерекше әсер қалдырды. Сол студенттер арасынан
Филиппова Дарья ақын Фариза апамыздың жырынан шашу
шашса, соло фортепьянода «Осень» шығармасын орындаған
Даулет Шойынбаев, сахна төрінде күй-айтыс
ұйымдастырған Мұсағалиев Алішер мен Ақтанов Ербол
көрермен қауымның таңданысын тудырды.
Кеш соңын арнайы шақырылған қонақтар: татар-башқұрт
орталығының өкілі Шафиева Роза Халимовна, еврей
орталығының өкілі Агапова Наталья Антоновна,
Қазақстан халықтарының Ассамблея басқармасының өкілі
Мартиросян Светлана Валентиновна университет
ұжымымен студенттерге алғысын айтып, құттықтау
тілектерімен қорытындылады.
«Діні басқа, тілі басқа, тілегі бір» бір шаңырақ
астында жиналған ұлт пен ұлыс өкілдерінің ынтымағы
– ырысы, байлығы – берекесі болып, татулығы жарасқан
біздің елде өмір сүріп жатырғандығы жүректеріне
сенім, көңілдеріне қуаныш ұялайтыны сөзсіз.
Балнұр
Сапарова
Журналистика
мамандығының 3 курс студенті |
| Пресс-орталығы |
Толық оқу >> |
| 2011-09-23 |
|
2011 жылдың 23-25 қыркүйегінде Оңтүстік Қазақстан
облысының Кентау қаласында өтетін «Бейбітшілік әлемі»
Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігі Қазақстан
Республикасының Тәуелсіздігінің
20 жылдығына арналған «Ұлының ұлттық ұраны: Бейбітшілік
– елімнің мақсат-мұраты» атты І Халықаралық жастар мен
студенттер фестиваліне Х.Досмұхамедов атындағы Атырау
мемлекеттік университеті Экономика және басқару
факультетінің көшбасшысы «Қаржы» мамандығының 4 курс
студенті Асқар Ақтоты, жаратылыстану және ауыл
шаруашылығы... |
| Пресс-орталығы |
Толық оқу >> |
| 2011-09-14 |
|
Х.Досмұхамедов
атындағы Атырау мемлекеттік университетінің
«Университет» газеті 2000 жылдан бері тұрақты шығып
келеді.
Университеттің ішкі тынысы, ғылыми зерттеулер, оқу
үрдісі студент-жастар арасындағы тәлім-тәрбие
мәселелелері, факультеттер мен кафедралардың сан-салалы
тыныс-тіршілігі, студенттер шығармашылығы, ардагер
ұстаздар, түлектер туралы материалдар, «Университет
жаңалықтары», «Ғибрат», «Ғылым», «Университет айнасы», «Руханият»,
«Өнер», «Спорт», «Әдебиет» беттерінде жарияланып отырады.
Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығ...
|
| Пресс-орталығы |
Толық оқу >> |
| 2011-09-10 |
|
Х.Досмұхамедов
атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Ғылыми
Кеңесінің шешімімен Жалпы университеттік оқу-телерадио
орталығы құрылды. Орталық университеттің оқу-тәрбие
жұмыстарына тікелей араласып, түрлі шараларға байланысты
жоспарлы түрде теле-радио дебаттар, кездесулер өткізеді.
Ішкі телевидение арқылы бейне хабарлар беріп, «Рауан»
радио желісі арқылы хабарлар жүргізеді. Студия эфирі
жұмыс жасайды.
|
| Пресс-орталығы |
Толық оқу >> |
| 2011-09-01 |
|
Х.Досмұхамедов
атындағы Атырау мемлекеттік университетінде Қазақстан
Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында
Мемлекетіміздің басты мерекелерінің бірі – Қазақстан
Республикасы Конституциясымен 1 қыркүйек Білім күні
аталып өтіп отыр.
Жиын екі тілде
ашылып, «Менің Қазақстаным» Әнұраны орындалды.
Алғашқы сөз алған
университет ректоры, саясаттану ғылымдарының докторы,
профессор Жаулин Киікбай Мыңбайұлы университеттің
оқытушы-профессор ұжымын, ардагерлерді, оқу орнына
қабылданған биылғы түлектерімізді
Жаңа
оқу жылымен құттықтап, ҚР Білім және Ғылым Министрі Б.Жұмағұловтың
құттықтауымен танысты.
Салтанатты жиында
сөз алған «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының
Атырау облыстық филиалының төраға орынбасары Қосыбаев
Кеңес Темірұлы, ардагер ұстаз ф.ғ.д., профессор Қ.Жүсіп
өз тілектерін білдірді.
І курсқа
қабылданған студенттер ардагерлерге гүл шоқтарын ұсынды.
Заң факультетінің
«Құқықтану» мамандығының қазақ бөліміне грантқа түскен
Атырау қаласының №23 орта мектебінің түлегі Әсел
Елеубайқызы Есенова бірінші курстықтар атынан
университет студенті деген атқа лайық болатындарына
сендірді.
Университеттің
өнерпаздары күшімен концерттік бағдарлама ұйымдастырылып,
соңында «Жас қанат» республикалық байқауының дипломанты
2-курс студенті Әли Төлеуовтың орындауында «Атамекен»
әні орындалды.
Салтанатты
жиыннан кейін студенттер мамандықтары бойынша
аудиторияларға кіріп, «Тәуелсіздік-тұғырым», «Ата Заң-әділеттің
қайнар көзі» тақырыбында университет ғалымдарының
лекцияларын тыңдады. |
| Пресс-орталығы |
Толық оқу >> |
|
Хабарландыру! |