На главную           Карта сайта          Почта

 

Жаңалықтар

Жалпы ақпарат                

Факультеттер

Кафедралар

Бөлімдер

Талапкерлерге

Студентке

Магистрантқа

Білім беру қызметі

Білім беруді
ақпараттандыру

Аспирант, докторант,
ізденушіге,
түлектерге

Мәдениет және
қоғамдық өмір

Спорттық өмір

Диссертациялық
кеңестер

Ғылыми сала

Сілтемелер

Байланыс



 

    Магистрант пен Аспирантқа!  

Қазақша        Русская версия       English version

 
 

 
 
Аспирантура және магистратура бөлімі

 Бөлім меңгерушісі:  педагогика ғылымдарының кандидаты

Утешкалиева Айгүл Мәдениетқызы 

            Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің магистратурасында 9 мамандық бойынша магистранттар даярланады: 

            1. 6N0103- Педагогика және психология

2. 6N0205- Филология                        

3. 6N0604- Физика                              

4. 6N0606- Химия                                

5. 6N0607- Биология                           

6. 6N0608- Экология                            

7. 6N0114- История                             

8. 6N0601- Математика                        

9. 6N0102 – Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

 2008-2009 оқу жылында ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2008 жылғы 15 шілдедегі №870 бұйрығымен университет магистратурасында жаңа екі мамандық ашылды. Олар:

1.     6N0117- Қазақ тілі мен әдебиеті

2.     6N0506-Экономика.

 Университет магистратурасын әр мамандық бойынша бітірген магистранттар көрсеткіші 

Шифр, мамандығы

 2005-2006 оқу жылы

 2006-2007 оқу жылы

2007- 2008 оқу жылы

1

6N0103 - Педагогика және психология

1

3

3

2

6N0205  -Филология

5

1

4

3

6N0604 - Физика 

2

2

2

4

6N0606 - Химия

1

1

2

5

6N0607 - Биология

-

-

2

6

6N0608 - Экология

2

-

3

7

6N0114 - Тарих

-

-

2

8

6N0601 - Математика

-

-

3

Барлығы

11

7

21

2005-2006 оқу жылында магистратураны бітірген 11 магистранттың     1-уі үздік дипломмен (6N0205 -Филология мамандығы бойынша Жаулина К.Б.), 2006-2007 оқу жылы 7 магистранттың ішінен 1 магистрант үздік дипломмен (6N0205 -Филология мамандығы бойынша Самбетова Н.Р.), ал 2007-2008 оқу жылы 21 магистранттың 4-уі үздік дипломмен (6N0103 - Педагогика және психология мамандығы бойынша Ахмет-Өмірзақова А.Қ., 6N0205 -Филология мамандығы бойынша Жайылғанова Т.С., 6N0606 – Химия мамандығы бойынша Қаршағұлова А.Т., 6N0607 – Биология мамандығы бойынша Нұрғалиев А.Қ.) бітірді.  

 Жылдан-жылға магистратура мамандықтарына  өзіміздің университет түлектері, өзге оқу орнын бітірушілер, әр сала бойынша қызмет істеп жатырған мемлекеттік қызметкерлер  тарапынан тілек білдірушілер саны көбеюде. Биылғы 2008-2009 оқу жылында магистратураға 34 магистрант қабылданды. Оның 14-і мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде, ал 20-сы келісім-шарт негізінде магистратураның күндізгі оқу бөліміне қабылданды.  

         Бүгінгі таңда магистратура бөлімінде 49 магистрант ғылыммен шұғылдануда. Магистранттарға университетіміздің белгілі профессор-оқытушылары жетекшілік етіп, дәріс беруде. Атап айтсақ, тарих ғылымдарының докторлары, профессор  Х.Б.Табылдиев, Ә.Қ.Мұқтар, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қ.Б. Сейталиев, филология ғылымдарының докторы, профессор Қ.Ө.Жүсіп, биология ғылымдарының докторы, профессор С.З.Сағындықова т.б.

Магистранттар университетімізде өтетін түрлі қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, барлық ғылымдар бойынша өтетін ғылыми семинар, алдын-ала қорғау сынды ғылыми талқылауларға, халықаралық, республикалық, өлкелік, облыстық ғылыми – практикалық конференцияларға үнемі қатысып, ғылыми мақалаларын жинақтарға,   Университет Хабаршысына жариялап отырады. 

Магистратураға қабылдау ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №161 бұйрығымен бекітілген қабылдаудың типтік Ережесіне сай жүзеге асырылады.

Магистратура түсуші азаматтар төмендегідей қажетті құжаттарды тапсырады:

1.      Магистратураға қабылдау туралы басшының атына жазылған  өтініш;

2.      Нотариалды куәландырылған жоғары білімі туралы  құжаттың көшірмесі;

3.      3,5х4,5 көлеміндегі 6 фотосурет;

4.      086 У формасындағы дәрігерлік анықтама;

5.      Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

6.      Қажетті жағдайда нотариалды куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмесі және кадр тізіміндегі жеке іс-парағы;

7.      Ғылыми жұмыстарының тізімі;

8.      Қосымша құжаттар; 

Қабылдау емтихандарын өткізудің тәртібі

         Магистратураға түсуші азаматтар қабылдау емтихандарын тапсырады:

1)     Шет тілдерінен (ағылшын, француз, неміс)

2)     Мамандығы бойынша

Система кредитов
Система качества
 
 
 

Құттықтаулар!

Құрметті ардақты аналар, аяулы арулар!

Сіздерді көктемнің шырайлы мерекесі – 8 наурызбен шын жүректен құттықтаймын!                  Табиғаттың жаңарып, жасаруымен келетін бұл мерекенің орны әрқашан бөлек. Көктемді  табиғат мейрамы десек, Сіздер адамзаттың ең бір нәзік те сұлу шыңысыздар.                        Университеттің заман талабына сай дамуында, бүгінгі жетістіктерінде Сіздердің үлестеріңіз  зор. Еліміздің қоғамдық-саяси, ғылыми, мәдени өмірінде де өздеріңіздің орындарыңыз ерекше. Осынау мереке қарсаңында баршаңызды құттықтай отырып, Сіздерге жемісті еңбек, озат оқу, бақытты өмір тілеймін

Ізгі тілекпен, 
Ректор 
А.Қазмағамбетов

 

Фотогаллерея

 

© 2006-2008 Все права защищены “Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті”
Электронндық почта: atyrauuniv@nursat.kz | Байланыс мәліметі
Разработано: ЖАТО АМУ